Сәуір айының 14-19 аралығында Шымкент қаласында жамбы атудан ересектер арасында тұңғыш Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионатта сары құрлықтың Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Тайвань және Таиланд секілді 14 мемлекетінен келген 60 спортшы 4 стиль (жамбы, түркі, азия, мажар стилдері) бойынша жарысқа түседі.
Дүбірлі доданы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР Жамбы ату федерациясының қолдауымен Азиялық жамбы ату федерациясы бірлесе ұйымдастырып отыр.
Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:
Бас бапкер: Елдос Бадашев
Айта кетейік, Азия чемпионаты аясында 15-сәуір мажар стилі, 16-сәуір азия стилі, 17-сәуір түркі стилі, 18-сәуір жамбы стилі бойынша жарыс болады. Соңғы жарыс күні «Тайтұяқ» жүлдесі үшін жеңімпаздар мен жүлдегерлер сынға түседі. Сондай-ақ, марапаттау рәсімі болады. Ал, 19-сәуірде шетелдік қонақтар Түркістан қаласына экскурсия жасайды.