Шымкентте жалған валюта мен есірткі сатқан тұрғындар ұсталды

28 Шілде 2023, 10:03 901

Шымкентте аса ірі көлемде жалған шетел валютасы мен есірткі заттарын сатумен айналысқан адамдар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екеуі қала тұрғындары болып шықты. ҚМА мәліметінше, тінту кезінде жалпы құны 23 100 АҚШ долларын құрайтын жалған банкноттар, сонымен қатар жалпы салмағы 6 кг болатын оралған гашиш тәркіленді.

Оқи отырыңыз:

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: