Шымкентте заңсыз құрылыспен күрес қарқынды жүргізілуде

22 Қыркүйек, 08:43 586

Шымкентте жыл басынан бері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты - 68 құрылыс нысаны бойынша 177 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Жалпы салынған айыппұл көлемі - 37 432 734 теңге, оның  28 645 546 теңгесі өндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, құрылыс сапасына қатысты 8 айда 19 құрылыс объектісі бойынша 19 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған. Бұл бойынша 7 125 500 теңгенің 1 587 500 теңгесі өндірілген.

Ал үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша 9 тұрғын үй кешеніне қатысты 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданған. Сот шешімдері негізінде кінәлілер әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы - 7 420 920 теңге, өндірілгені- 7 420 920 теңге.

Перизат Саденова
Бөлісу: