Шымкентте жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты. Оқиға Забадам шағынауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ТЖД мәліметінше, жеке тұрғын үйге жапсарлана соғылған шаруашылық құрылыс ішінде 15 дана қағаз шығаратын, кесетін станок және 1,5 тонна қағаз жанған.
Өрт сағат 19:26-да оқшауланып, 19:54-те толығымен сөндірілді. Өрттің алаңы - 54 шаршы метр. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 31 қызметкері және 6 техника, Апаттар медицина орталығының 1 бригадасы жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ, оқиға себебі анықталуда.