Шымкентте улы жылан қаптап кетті

Бүгiн, 09:23 1159

Шымкентте жеке тұрғын үй секторларында жылан қаптап кетті. Бұл туралы «24kz» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Жұрттың үрейін туғызған бауырымен жорғалаушылар, тіпті үй ішіне де басып кірген. Соңғы айда жедел құтқару жасағының көмегіне 13 адам жүгінген. Мамандар улы шұбар, оқ жыландарын аулағанын айтады. «Олардың жұп-тасу кезеңі мен, күннің ысуынан әлі де қоңыраулар көбейе түседі», - дейді.

Мәселен, былтыр көктем, жаз айларында 286 жылан ұсталған. Алайда оларды қала сыртына шығарумен ғана шектеледі. Сондықтан табиғатқа серуендеуге шыққан тұрғындарға абай болып, жыланға жақындамауға кеңес береді.

Құтқарушының бірінші міндеті – тұрғындардың қауіпсіздігі мен оның денсаулығына түскен қатерге көмек көрсету. Қазір Шымкент қаласы үлкейіп кетті. Кейінгі салынған шағын аудандарда, сырт жақтардан көп шақырту түседі. Бір үйге 3-4 мәрте барған кезіміз болған. Арнайы қызметке, мамандарға жүгініп, қоңырау шалып, көмек сұраған дұрыс, - дейді қалалық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Рауан Дүйсенбеков.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: