Шымкентте ұлттық нақыштағы бұйымдар жәрмеңкесі өтті

5 Тамыз, 07:38 526

Шымкентте қолөнершілер өз өнімдерін халыққа ұсынып, ұлттық нақышта дайындалған бұйымдардың жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Арбат алаңында өткен жәрмеңкені қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустриясы мен Шымкент қаласының Креативті индустрия ассоциациясы бірге ұйымдастырған. Жәрмеңкеге қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер, суретшілер және т.б. шеберлер қатысты.

Әкімдіктегілер аталған іс-шара алдағы уақытта аптаның әр сенбі күні тұрақты түрде өткізіледі деп отыр. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында креативті индустрияны экономикамызды өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді. Кейінгі жылдары елімізде бұл салаға ерекше көңіл бөлініп келеді. Шымкент Креативті индустрия ассоциациясы 2022 жылдан бері жеке кәсіпкерлермен жұмыс жасап, оларға бағыт-бағдар беріп келеді.

Зарина Арман
Бөлісу: