Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған ер адамды аман алып қалды

12 Мамыр, 20:18 622

Шымкентте Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімінің бірінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері көшеде есінен танып қалған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 11 мамыр күні кешке Ю.Гагарин көшесінде болған.

Көшеде патрульдеу кезінде біз өзін нашар сезінген адамды байқадық және жағдайын білу үшін оған жақындадық. Әңгіме барысында ер адам құлап, есін жоғалта бастады. Біз бірден 103-ке қоңырау шалдық. Содан кейін дәрігерлерді күтпей, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістік, - деді әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Бексұлат Асанов.

Арада 10 минут өткенде жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. Келген дәрігерлер ер адамды ауруханаға жеткізген.

Зарина Арман
Бөлісу: