Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген сәби көз жұмды

24 Қараша 2023, 23:46 2082

Шымкентте туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ата-ананың дұрыс қарамауынан тағы бір бала қайтыс болды, - деп жазды Шымкенттегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева.

Айтуынша, аурухананың бас дәрігері сағат 18:39-да нәрестенің жүрегі тоқтап қалғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, бүгін таңертең Шымкентте екі жасар баланы туысы төртінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы жазған болатынбыз.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 24 бабы 3 бөлігі – 99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Берік Арманов
Бөлісу: