Шымкентте ер адам төбелестен соң үйіне жетіп көз жұмған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1982 жылы туған ер адам төбелестен соң үйіне барып, өзін нашар сезінген, әйелі жедел жәрдем шақырған.
Шақыру бойынша келген жедел жәрдем оның қайтыс болғанын анықтады.
«Шұғыл шақыру» бағдарламасының хабарлауынша, төбелес 25 тамыз күні сағат 21:30 шамасында Тельман шағынауданында, Самал базарының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша, екі адам төбелескен.
Ер адамның нақты неден қайтыс болғанын медициналық сараптама анықтайды.