Шымкентте терроризмді насихаттаған тұрғынға үкім шықты

30 Қазан, 09:40 330
Шымкент қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі ("Терроризмді насихаттау және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғыру") бойынша айыпталған тұрғынға қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттап және экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндірген. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Сот ер адамға 256-бабының 1-бөлігі, 259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: