Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бұрынғы судьясы Жанат Мүсірәлі алаяқтық жасады деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мүсірәлі былтыр тамыз айында өз еркімен қызметінен кеткен. Дегенмен қомақты қаражат үшін сотталушылардың біріне көмектесуге уәде еткен.
Белгілі болғандай, ол 110 млн теңгеге сотталушылардың бірін бостандыққа шығармаса да, жазасын барынша жеңілдетіп беретінін айтқан.
Жанат Мүсірәлімен бірге сотталушылар орындығында заңгер Мұрат Джахаев пен кәсіпкер Айдар Алтаев болды.
Іс материалдарына сәйкес, Алтаев досының жұбайына үкімді жеңілдетуге көмектесуге уәде беріп, өз кезегінде адвокат Джахаев пен судья Мүсірәліге жүгінген.
Нәтижесінде үшеуі жәбірленушіні алдап, күйеуінің жазасын жеңілдету үшін алынған соманы ұрлап кеткен.
Сот олардың пара беруге итермелемегенін анықтап, бұл бастама ерлі-зайыптылардың өзінен шыққан деген қорытындыға келді.
Нәтижесінде Мүсірәлі мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салына отырып 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды, Жахаев 6 жыл 8 айға сотталса, адвокаттық қызметін 7 жыл атқара алмайды. Алтаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.