Шымкентте шұңқырға түсіп кеткен сиыр шығарылды

21 Шілде, 21:10 412

Құтқарушылар үй жануарларын шұңқырдан шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушыларға Шымкент қаласының Абай ауданында сиырдың шұңқырға түсіп кеткені туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына келген құтқарушылар жануарды байлап, күш салып, шұңқырдан сәтті шығарып алды.

Үй иесі құтқарушыларға өзінің сүйікті жануарын құтқарғандары үшін алғысын айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: