Шымкентте салмағы 7 келіге жуық сәби дүниеге келді

Бүгiн, 14:00 220

Шымкентте алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шымкент қалалық №2 аурухана перзентханасында 41 жастағы ана табиғи жолмен, ешқандай асқынусыз 6700 грамм салмақтағы сәбиді өмірге әкелді.

Ұл бала – отбасындағы алтыншы перзент. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отыр.

Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Ең таңғаларлығы – алып баланы анасы өзі босанып, операция да, күрделі араласу да қажет болмады, - делінген мәліметте.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: