Маңғыстау облысының тұрғынына адам ұрлағаны үшін 4 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңаөзендік азамат Instagram арқылы Шымкенттің тұрғынымен танысады да, үйлену мақсатында қызды Байтұрсынов көшесінің бойынан алып қашып, Маңғыстау облысы бағытына шыққан.
Жігітке қатысты қылмыстық кодекстің 125-бабы 1-бөлігі (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, оқиға болған жерде түсірілген видеоны тексеру актісімен, сотталушының өз кінәсін мойындауымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Оған ҚР қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.