Шымкент қаласында биыл Қала күні мерекесі тойланбайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
19 маусымда аталып өтілетін дәстүрлі мереке Абай облысындағы алапат орман өртіне байланысты кейінге шегерілген.
Жыл сайын 19 маусым Шымкентте дәстүрлі түрде Қала күні аталып өтеді. Биыл Абай облысында орын алған орман өртіне байланысты Қала күніне жоспарланған мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарлануда, - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.