Шымкентте полиция қызметкері 2 адамды көлікпен қағып кетті

4 Тамыз 2023, 15:33 1042

Шымкентте полицейдің қатысуымен болған ЖКО дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның дерегінше, 3 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Байтұрсынов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде Тұран АПБ-ның жүргізуші полицейі қызметтік автокөлікпен 2 адамды қағып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы мен кәмелет жасына толмаған қызы ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт Шымкент қаласы полиция департаментінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамның абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол жүру қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: