Шымкентте полицейлер өзенге құлап кеткен қызды құтқарып қалды

11 Желтоқсан, 04:27 311
Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында өз-өзіне қол жұмсаған қыз құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
 
18:45 шамасында «Газалкент» каналына белгісіз адамның секіргені туралы хабар алған. Учаскелік полиция инспекторлары Сабит Алимбаев, Жалғасбек Ағабеков және Әбдіәкім Әбдірахым оқиға орнына небары 3 минутта жетті.
 
Қызға көмектесу үшін суға түскен тұрғынды шығарып алғаннан кейін полицейлер қызды да қауіпсіз аймаққа алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді күтпей, қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізді.
 
Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында оның жағдайы тұрақты. Қазіргі таңда жас қыздың денсаулығы бірқалыпты. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен шұғыл әрекетінің маңызды екенін кезекті рет дәлелдеді.
Зарина Арман
Бөлісу: