Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері базарлар мен сауда орындарында пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуын анықтау мақсатында бірлескен рейд жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейд барысында тұрғындарға пиротехниканы қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, заңсыз сатылымның қауіптілігі мен салдары туралы ақпарат берілді.
Сатушылардан лицензиялардың бар-жоғы тексеріліп, 100-ден астам заңсыз пиротехникалық өнім тәркіленді. Сондай-ақ, 52 әкімшілік хаттама толтырылды.