Шымкентте өрттен 10 адам құтқарылды

Бүгiн, 17:26 146

Шымкент қаласында өрттен 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде жертөледе өрт шықты.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: