Шымкентте оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

23 Қаңтар, 19:01 762

Шымкентте суицид жасаған оқушы қыздың өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, іс Еңбекші аудандық полиция басқармасында Қылмыстық Кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: 

Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі марқұм болған қыз мектепте үлгілі оқушы және сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.  

Еске салсақ, оқиға 22 қаңтарда кешкі уақытта болған. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған. 

Перизат Саденова
Бөлісу: