Шымкентте нысана көздеуден ел чемпионаты басталды

Бүгiн, 16:26 144

Бүгін Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталды. Бұл – мергендер үшін биылғы маусымның алғашқы жарысы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жүлделерді сарапқа салды.

Алтын – Алматы қаласының командасы: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Алексей Клейменов.

Күміс – Шымкент қаласының командасы: Никита Шахторин, Ринат Казаченко, Олег Носков.

Қола – Павлодар облысының спортшылары: Руслан Загитов, Владислав Костенко, Артём Потрянко.

Ертең осы бағдарламада әйелдер өзара мықтыны анықтайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: