Шымкентте науқас аурухананың үшінші қабатынан секіріп кетті

19 Мамыр 2023, 15:10 926

Шымкентте науқас аурухананың үшінші қабатынан секіріп көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға №1 қалалық клиникалық ауруханада болған. Түнгі сағат 23:10 шамасында науқас белгісіз себептермен үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.

Науқастың алған жарақатының ауырлығына байланысты аман алып қалу мүмкін болмады. Оқыс жағдай бойынша Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде, - делінген Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

EL.KZ
Бөлісу: