Шымкентте нан-тоқаш цехы өртенді

13 Мамыр, 09:05 435

Өрт сөндірушілер Шымкенттегі цехта болған өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Еңбекші ауданының Азат шағынауданында нан-тоқаш өнімдерін өндіретін бір қабатты цехта шатыр мен жабдықтар өртенді.

Өрт сөндірушілер 1248 шаршы метр аудандағы өртті сөндіріп, өрттің ғимараттың 2500 шаршы метр бүкіл ауданына  таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді, - делінген мәліметте.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: