Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

23 Қаңтар, 15:30 828

Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кеше кешкісін болды. Сағат 18:30 шамасында үйінен өз-өзіне қол жұмсаған 11-сынып оқушысының мәйіті табылған.

Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, марқұмның сыныптастарымен қарым-қатынасы жақсы болған.

Сабақ үлгерімі де қанағаттанарлық. 

Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, - делінген басқарма ақпаратында.

SN-нің хабарлауынша, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдай Еңбекші аудандық полиция басқармасында тіркелгендігін мәлімдеді. 

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық экспертиза тағайындалған.

Равиль Ашығали
Бөлісу: