Шымкентте өрт болған жерден зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылған әйелді өз ұлы өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды otyrar.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 12 қаңтарға қараған түні болған. Алдын ала ақпарат бойынша ер адам анасын бауыздап өлтіріп, кейін денесін үй ауласында өртеп жіберген. Көршілерінің айтуынша, анасы мен ұлы арасындағы қатты жанжалды олар естімеген. Алайда сол түні ер адамның ақыл-есі дұрыс болмаған көрінеді.
Біз қақпаны ашып, оған жақындадық. Ол оттың жанында тұрды. Бізді көре салып біз жаққа қарай жүгірді. Времянкаға кірген жоқпыз, бірақ ашық тұрған есіктен көршімізді шақырдық, ол жауап бермеді. Ал қабырғалар мен еденнің бәрінде қан іздері болды. Қатты қорқып, қашып кеттік, – деді көршісі.
Куәгердің сөзін тағы бір көршісі растаған.
Біз дәріханадан қайтып келе жатып, өртті көрдік. Сол жерде басқа көршілер де болды. Қақпаны ашқанымызда, ол бізді көріп, қолында бірдеңесі бар күйде біздің артымыздан жүгірді. Қатты қорқып кеттік, өйткені өз анасын өлтірген адам бәріне бара алады деп ойладық, – деді тағы бір көршінің бірі.
Куәгерлер күдікті адамнан қашып құтылып, полицияға хабар берген. Полиция күдіктіні ұстады және оны қамауға алды. Оқиға орнында өртенген әйелдің денесі мен пышақ табылған.
12 қаңтар түні полицияға өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс отбасылық жанжал кезінде болған», – деді қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.