Шымкентте лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылып жатыр

29 Желтоқсан 2023, 10:45 1996

Шымкентте лауазымды тұлғалар заң алдында жауап бермек, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтуынша, спорт саласындағы 6 лауазымды тұлға қылмыстық жауапқа тартылуда.

Өңірдегі спорт саласын дамытуға 27 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Спорт мектептерінің директорлары мен жаттықтырушыларының, жалпы саны 700-ден астам қызметкердің қатысуымен кездесу өткізіп, бюджеттік қаражатты жымқыру үшін көзделген жауапкершілік талқыланып, түсіндірілді, - дейді ол.

 Жалпы, биылдың өзінде аталған салада 7 қылмыс тіркелген.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: