Шымкентте көлік бағанаға соғылды: жүргізуші 10 метрге ұшып кетті

Бүгiн, 16:16 318

Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды. Бұл туралы otyrar.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

6 ақпан күні сағат 11:30 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінде ауыр жол апаты болды. «Мерседес-Бенц» жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жарық бағанасына соғылған. Соққының күшті болғаны сонша, жас жүргізуші көліктен 10 метр жерге ұшып кеткен, - деп жазды басылым.

Жүргізуші ауыр халде шұғыл ауруханаға жатқызылды. Жолаушы да түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі болды, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: