Шымкентте канализациялық құбыр жарылып, 4 үйдің ауласын су басты

24 Қаңтар, 08:00 1157

Шымкентте канализациялық құбырдың жарылуы төрт отбасыны әбігерге салды. Оқиға 24 қаңтар кешкі сағат 9-дар шамасында Оңтүстік елдімекеніндегі И.Тайманұлы көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер асты коллекторы зақымдалып, «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-на тиесілі канализациялық құбыр жарылған. Салдарынан 4 тұрғын үйдің аулаларын су басып, су жүйесінен жеке тұрғын үйлердің 300 тұтынушысы ажыратылды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Жедел түрде «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-ның 30 қызметкері мен 4 техника жеткізіліп, құбырлар ауыстырылды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, 3 техникасы және Еңбекші ауданы әкімдігінен 10 қызметкер, 5 техника апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: