Шымкентте ХҚКО қызметкері бір топ адамды 180 миллион теңгеге алдаған

30 Қыркүйек, 05:33 379

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы А. Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К-ға, аумағы 20,0800 гектар жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.

Қалған 14 оқиға бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, жауап алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Сотпен, сотталушы кінәсін ішінара мойындағаны, шын ниетпен өкінбегені, 14 жәбірленушілердің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал сомасы өндірілмегені және жәбірленушілердің кешірім бермегені, заңмен көзделген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлері ескерілді.

"Сот А-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Талап арыздар қанағаттандырылды. А.-ның жасөспірім балаларына қамқоршы мен қорғаншы тағайындау мәселесін шешу, соттың қосымша шығарылған қаулысымен, тұрғылықты мекенжайы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жұмысын дамыту бөліміне жүктелу тапсырылды", – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: