Шымкентте «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымы анықталды

22 Шілде, 17:57 555

Шымкентте ҰҚК 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымы әшкереленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ағымдағы жылдың Рамазан айында ауызашар өткізу сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізгені анықталды.

Тінту барысыда Қазақстан Республикасында тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 256-бабынының 1-бөлігімен және ҚР ҚК-нің 259-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары басталды.

Шымкент қаласының прокуратурасы елдің конституциялық құрылысын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымдарға кіруге үгіт-насихат немесе шақыру үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын ескертеді, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жариялануға жатпайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: