Шымкенттте 20-дан астам футбол жанкүйері полицияға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіPolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Еңбекші АПБ-на 102 арнасы арқылы Уәлиханов көшесіндегі «Прага» кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, «Ордабасы» мен «Ақтөбе» футбол командаларының жанкүйерлері арасында келіспеушілік орын алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция басқармасына 20 адам жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.