Шымкентте ер адам кене шаққаннан кейін қайтыс болды

16 Шілде, 09:50 658

Шымкентте үш адам конго-қырым қанды безгегін жұқтырды. Олардың екеуі жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап, үйлеріне шығарылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, тағы бір ер адам, Сайрам ауданының 61 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Ол реанимация бөліміне жатқызылды, онда ол үш күн жатып, қажетті ем алған. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ер адам есін жимастан қайтыс болды.

Қазіргі таңда тағы бір науқас конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған болуы мүмкін. Оның талдау нәтижелерін мамандар тексеріп жатыр. 

Айта кетейік, конго-қырым геморрагиялық қызбасын тарататындар - иксод кенелері. Кенелер жылудың басталуымен жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды. Көктемде наурыздан маусымға дейін және күзде қыркүйектен қазанға дейін кене шағу маусымы болып саналады.

Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы вакцинацияны орманшылар, аңшылар, геологтар сияқты аурудың табиғи ошақтарында көп жүретін қызметкерлер алады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: