Шымкентте ер адам әйелі мен үш айлық сәбиін ұрып жыққан

3 Тамыз, 19:10 889

Шымкентте ер адам әйелін ұрып-соғып, үш айлық баласын лақтырып жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Metro редакциясының мәліметінше, 53 жастағы ер адам әйелін пышақпен қорқытып жатып, үш айлық қызын теуіп, лақтырып жіберген.

Ең сорақысы, қалалық ауруханадағылар әйел мен сәбиін қабылдаудан бас тартқан. Салдарынан сәбидің басына қан құйылып, ол жансақтау бөліміне жатқызылды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бұл істі жеке бақылауына алғанын айтты.

Ер адам ұсталып, оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: