Шымкентте екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды

8 Ақпан, 12:02 1982

Түркістан облысында екі баласын тұншықтырып өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелді іздеуге облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы, көршілес аймақтар мен мегаполистер бағытталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінде ұстады.

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: