Шымкентте ЖБО камералары «егіз» көліктерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, бейнебақылау инспекторлары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry көлігін байқаған. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары бағытталды.
Жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды, - делінген мәліметте.
Құқық бұзушы ткөлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ.