Шымкентте дүкеннен тұрмыстық-химиялық заттарды ұрлаған тұрғын ұсталды

31 Наурыз 2023, 10:48 1057

Тұран аудандық полиция бөліміне белгісіз тұлға дүкеннен тұрмыстық-химиялық заттарды жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалағаны туралы арыз түсті. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден асады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктіні ұстап, қылмысты ашу бағытында қажетті шараларды жүзеге асырды.

Тәртіп сақшылары қылмысты жасаған күдіктіні бірнеше тәулік ішінде ұстады. Ол жұмыссыз, 40 жастағы әйел болып шықты. Бұрын соңды істі болмаған. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті ұрлаған заттарды базарға апарып, төмен бағада сатып жіберген.

Қазіргі таңда күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоқтығы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


EL.KZ
Бөлісу: