Шымкентте биыл көпқабатты 38 үй жөндеуден өтеді

16 Ақпан, 06:40 716

Шымкентте биыл модернизациялық бағдарлама аясында көпқабатты 38 үй жөндеуден өтеді. Тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады.

Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, былтыр қаладағы көпқабатты 37 үйге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылған.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: