Шымкентте бір көшенің бойындағы бірнеше дүкен отқа оранды

17 Қаңтар, 16:21 859

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Мэдина» дүкендері отқа оранды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Аталған оқиға салдарынан құрылыс материалдарын сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймаларындағы заттар түгелге жуық жанып кеткен.

Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2 500 шаршы метрді қамтитын ғимараттың 1 300 шаршы метрі өртенді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Тілсіз жауды алауыздықтау жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 200-ге жуық жеке құрам қызметкері мен 38 техникасы жұмылдырылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: