Шымкентте бұрынғы полиция бастығы 7 жылға сотталды

16 Қыркүйек 2022, 01:40 1261

Олардың ішінде жиһаз, ұялы телефон, қол сағаты, иіс су, тұрмыстық заттар бар.

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы 7 жылға сотталды, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3) тармағымен қылмыстық істі қарады.

Күдікті Шымкент қаласының полиция департаменті Жол-патрульдік полкінің командирі және Жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымын атқару барысында лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалана отырып, өзінің қарамағындағы полиция инспекторынан жалпы сомасы 3 194 305 теңге тұратын бағалы заттарды алдыртып, жәбірленушіге елеулі зиян келтірген. Олардың ішінде жиһаз, ұялы телефон, қол сағаты, иіс су, тұрмыстық заттар бар.

Сот сотталушыға ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Айта кетейік, соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

EL.KZ
Бөлісу: