Шымкентте әйелін буындырып өлтірген ер адамға үкім шықты

13 Желтоқсан, 09:25 296

Шымкентте қызғаныштан ер адам әйелін буындырып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған. 

Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Жасы 50-дегі азамат, - деді Шымкент прокуратурасының басқарма басшысы Жандос Досанов.

Олардың отау құрғанына бір жыл ғана болған екен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: