Шымкентте автокөлікті заңсыз айдап кеткендер ұсталды

23 Ақпан 2023, 20:59 828

Еңбекші ауданы полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінген, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол арызында өз үйінің ауласында тұрған ВАЗ 21014 автокөлігін түнгі уақытта белгісіз біреудің заңсыз иемдену мақсатында айдап алып кеткенін жазып көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 650 мың теңгені құрап отыр. Орын алған оқиға бойынша тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылып, қылмыстық істі ашу мақсатында бірден іске кірісті.

Ұрлық болған аймақты жіті зерделей шолып шығып, айналадағы бейнебақылау камераларын мұқият қарап, күдік тудырған азаматтардан түсінік алды. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы жайтқа қатысы бар азаматтар қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-тің 200-бабымен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.


EL.KZ
Бөлісу: