Шымкентте әскерилер соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Кеше, 08:41 321

Шымкентте әскери қызметшілер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Нина Мосуноваға құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері, "Қарулы Күштердің ардагерлері" РҚБ Шымкент филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев пен ардагерлер ұйымдарының өкілдері санаулы күндерден соң 101 жасқа келетін соғыс майдангері Нина Мосунованың үйіне барды.

Серікбай Оңбаев әскери қызметшілер мен ардагерлер атынан ардерге Жеңіске қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық және ұзақ ғұмыр тіледі.

Өз кезегінде соғыс ардагері қонақтарға Отан қорғаушы миссиясының маңыздылығын атап өтіп, көрсеткен ықыласы үшін алғысын білдірді. 

Айта кетейік, Нина Мосунова 1924 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 1942 жылы қазан айында әскерге өз еркімен алынып, майданда пулеметші болып жеңіске жетуге атсалысқан. Бүгінде ардагер 1 баланы тәрбиелеп өсіріп, 2 немере 5 шөберені сүйіп отыр.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: