Шымкентте анасы ұлына бір бүйрегін берді

Кеше, 19:00 359

Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухана базасында осымен 231ші -рет тірі донордан бүйрек трансплантациясы жасалды. Күрделі операция сәтті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1984 жылы туған әйел 2004 жылғы ұлына бүйрегін берді. Бүгінде донор мен рецепиент палатаға ауыстырылды. Екеуінің де жағдайы жақсы.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүйрегі алмастырылған рецепиент 7 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауырып келгенін атап өтті. Соңғы 1,5 жылда гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Ақ халаттылардың айтуынша, науқас жігіт аз уақытта қалыпты өміріне қайта оралады.

Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 231 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: