Шымкентте анасы бойжеткен қызын ішімдік үшін жұмысқа жеккен

11 Мамыр 2023, 16:00 928

Шымкентте жасы 23-ке келсе де әлі күнге дейін бірде-бір әріп танымайтын, тіпті қолында ешбір құжаты жоқ бойжеткен тұрып жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бойжеткен ешқашан мектепке бармаған. Тіпті өзінің атын да жаза алмайды. Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, анасы ішімдікке салынып, әртүрлі ер азаматпен көңіл қосады екен.

Анам бір ішсе домалап құлап жатады, 2-3 айлап үй көрмейді. Сол кезде өгей әкелеріммен қаламын. Әсіресе, Исахан деген көкемен ұзақ тұрды. Басында жақсы аға сияқты болған, артынан тек мені ұратын, талай мәрте мазақ етті. Басымды жарды, үстелді үстіме лақтырды, далаға теуіп шығарды, - дейді 23 жастағы қыз

Анасы арақ үшін қызын жұмысқа жеккен.

Анасы қызын “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады. «Ақысы шешеңе күніне 1 бутылка арақ» деген. Мұның бәрі бұрын емес дәл бүгін көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Осыдан 4 жыл бұрын 19 жасар қыз ақыры бір өлім деп әкесінің туыстары барын естіп Шымкентке қашып келеді. Содан бері не өзгерді дейсіз бе, ештеме, - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Равиль Ашығали
Бөлісу: