Шымкентте алаяқтар тұрғындарды 50 млн теңгеге алдаған

9 Қазан 2023, 18:40 994

Шымкент полициясы кибераферистерді іздестіруде. Олар қала тұрғындарын 50 млн теңгеге алдаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы, Ақтөбе, Тараз қаласының 31,36,37 жастағы тұрғындары шымкенттік 30 адамды алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 50 миллион теңгеге жуық.

Алиса Аманова, Элина Хамидова және Рамис Расимов есімді азаматтарға ағымдағы жылдың шілде айында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (бірнеше рет жасалған алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланды.

Олар көлік сату сайтында орналасқан басқа біреудің хабарландыруын көшіріп алып, төмен бағада жарнамалаған. Қоңырау шалған клиентпен кездесу туралы келіскен. Сонан соң олар клиенттің атын жамылып, көлік иесіне телефон соғып, онымен де кездесуге келіскен. Қаскүнемдер екі тарапқа да көлікті көруге және көрсетуге туысы келетінін, ақша жөніндегі мәселелерді онымен телефон арқылы шешу керектігін ескерткен. Осылайша олар нағыз сатушы мен сатып алушыны бетпе-бет жүздестірген соң, соңғысына қайта қоңырау шалып, ақшаны өз есепшоттарына аудартып алған, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: