Шымкентте Әділет органының капитаны пара орнына тамақ алғызып отырған

11 Қаңтар, 15:00 2484

Шымкентте Әділет органының капитаны пара орнына фаст-фуд тағамдарын алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Ол пробация есебінде жүрген жазасын өтеушінің есебінен үйіне пицца, чизбургер, ірімшік қосып әзірленген картоп секілді тамақ алдырып жеген. Сотталушы ай сайын бұл талапты орындамаған жағдайда оны қайта түрмеге қаматамын деп қорқытқан.

Ол өзінің кінәсін мойындап, жүктілігіне байланысты қатаң жазаға тартпауын сұраған. Сот айыпталушыны Әділет капитаны шенінен айырды. Және 316 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеп, өмір бойына мемлекеттік қызмет істеу құқынан айырды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: