Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ер адам қолға түсті. Полицейлер оны “Қорғау” бағдарламасының көмегімен құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта болған.
Алматылық тәртіп сақшыларының нұсқауына сәйкес, күдікті қылмыс орнынан Hyundai Elantra-ны тізгіндеп, ізін суытқан.
Автокөлікті "Қорғау" бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент Полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтады.
Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды. Ер адам полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз: