Шымкентте 75 оқушы ант қабылдап, кадет атанды

21 Маусым, 23:40 524

Қазақстан полициясы күніне орай Шымкенттегі үш мектепте "Жас сақшы" сыныптары ашылды. Оларға қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан тәртіп сақшылары Нұраш Байтіленов, Нұржан Шойынбаев және Тайыр Шералиевтің есімдері берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сыныптардың ашылу салтанатында №89, №90 және №135 мектептердің 75 оқушысы ант қабылдап, кадет атанды.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов пен Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев қатысты.

Олар жас сақшыларды құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді. Сонымен қатар мектеп оқушыларын білімді табандылықпен игеруге және өздерінде адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеуге шақырды. 

Полиция департаментіндегілер мектептерде "Жас сақшы" сыныптарын ашу оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етеді деп отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: