Шымкентте 49 отбасыға қайтарымсыз тұрғын үй сертификаты берілді

13 Тамыз, 08:45 556

Биыл Шымкентте 1 тамыздан бастап 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайтарымсыз баспана сертификатына ие болғандардың қатарында І, ІІ- топ  мүгедектігі бар 16 тұрғын, ерекше бала асыраушы 9 отбасы бар. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған - 3, көпбалалы отбасылар - 11, толық емес отбасылар - 4, бюджеттік мекеме қызметкерлері - 6.

Аталған тұрғындар "Отбасы банк" арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін  1 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне  ие болған.  

Қала әкімдігі қазіргі таңда тұрғын үй сертификаттарына өтінімдер қабылдау жалғасып жатқанын атап өтті. Бұл қолдауға ие болу үшін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар 2-10-20, 5-10-20 мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік бағыттарының бірі арқылы конкурстан өтіп, банк шарттарына сәйкес төлем қабілеттігін растайды. Қатысушы "Отбасы банктің" ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң тұрғын үй сертификатына өтінім жолдай алады.

Айта кетсек, жалпы жыл басынан бері қалада бұдан бөлек әртүрлі әлеуметтік санаттар бойынша  218 азаматқа тұрғын  үй сертификаттары табысталған.

Зарина Арман
Бөлісу: