Шымкентте 4 балабақша иесі 29,6 млн теңгені заңсыз иемденген

2 Наурыз, 08:35 725

Шымкентте 4 жеке балабақша иесі мектепке дейінгі мекемеге келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Бұл фактіні қалалық прокуратура анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде қазынаға келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 адамға 3 жылға бас бостандығынан шектеу, тағы бір адамға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәселен, Г.Рысбекованың меңгеруіндегі «Али мен Айя» бөбекжай-бақшасы» ЖШС 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн теңгенің үстінде қаржыға ие болған.

Сот үкімімен балабақша иесі Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды делінген прокуратура мәліметінде.

Оқи отырыңыз:

Перизат Саденова
Бөлісу: